» » Босаңсуға болмайды

Босаңсуға болмайды

Өткен жұмада аудан әкімдігінде коронавирус инфекциясының таралуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров жүргізіп отырды.
– Қазірде вируспен күрес қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Осыған орай ауданда арнайы мобильді топ құрылып, рейд жұмыстары үзіліссіз жүргізуде. Апта сайын топ мүшелері кәсіпкерлік нысандарды аралап, сақтық шараларын қадағалап, бетперделік режимді қатаң ұстануда, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
Ал ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова вирус жұқтырғандардың басым бөлігі үй іші мүшелеріне жұқтырып отырғанын айтады.
– Жыл басынан бері аталған вирусты 12 адам жұқтырды. Оның ішінде анықталған 2 ошақ үй ішін түгел жұқтырып отыр. Сонымен қатар өзі жұмыс істейтін мекеме қызметкерлеріне жұқтырғандары да бар. 3 науқас бүгінде үй жағдайында ем алуда. Қалған науқастар емделіп шықты, – дейді ауданның бас санитар дәрігері.
Қазіргі таңда елді елеңдетіп отырған мәселенің бірі – екпе. Соңғы кезде осыған қатысты қоғам пікірі екіге жарылды. Бірі – мұның вирустың алдын алады десе, енді бірі – зиянды тұсы бар деген ойды айтады. Гүлнар Төлепбергенова БАҚ өкілдерінің екпе туралы сауалына да жауап берді.
– Ауданға әлі екпе келген жоқ. Біз қазір медицина қызметкерлерінің тізімін жасақтап қойдық. Екпе келген бойда бірден бастап кететін боламыз. Вакцина ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Демек ұжымда жұқтыру қаупі төмендейді. Екпе салдырған алғашқы 3 күнде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы секілді организм реакция беруі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Осы уақыт аралығында екпе салдырушы дәрігер бақылауында болады, – дейді ол.
Аудандық аурухананың бас терпевті Айдос Жаналиевтің айтуынша, КВИ жұқтырғандарға үй жағдайында емделуге тегін дәрі-дәрмектердің қарастырылған. Дәрілік қор 2 ай көлеміне дейін жеткілікті. Дәріханалар да дәрілер бар. Аудандық емханада жыл басынан бері 1185 сынама алынған. Бізде күніне 40 ПСР тестін алуға мүмкіндік қарастырылған дейді.
Бізге сақтық ережесін сақтамауға әсте болмайды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақталмауының әсерінен вирус жұқтырғандар саны көбеюде. Ең әуелі өз денсаулығымызды ғана емес, отбасындағы жақындарымыздың, балалардың саулығын ойлау қажет. Әрине, саулық – сақтықта. Сақтық шараларын орындау ең алдымен өзіміздің бас амандығымыз үшін керек. Босаңсуға мүлде болмайды. Тәртіпке бағынып, тазалық сақтап жүрген адамның ауруға ұшырамасы анық.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
Қ.ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
16 ақпан 2021 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031