» » Коронавирус күшеюде: қайтпек керек?

Коронавирус күшеюде: қайтпек керек?

Ғаламды дүр сілкіндіріп, әлемді әлекке салған індетпен әлі де күресіп келеміз. Жағдай тұрақталғандай көрінгенімен, елде күніне 700-ге жуық адам дерт құрсауына ілінуде. Бұл аз көрсеткіш емес. Әлем елдері инфекцияның қайта күшейгенін айтып, сақтық шарасын қатаң ұстану қажеттігі жөнінде дабыл қағуда. 160-мыңға жуық қазақстандық қатерлі індетті жұқтырып, соның салдарынан біршама адамның өмірі келтеден үзілгені белгілі. Сондықтан да елдегі қазіргі ахуал «ақырын жүріп, анық басуды» талап етеді. Ал аудандағы жағдай жайлы сала маманынан ақпар алдық.
– Бүгінде аудандағы ахуал тұрақты. Желтоқсан айында өңірде 15 адам инфекция жұқтырған еді. Оның 11-і толықтай жазылып шықты. 3 адам облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында болса, 1-еуі үй жағдайында ем-дом алуда. Алайда әлі де болса сақтық шараларына салғырт қарауға болмайды. Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанғанда ғана қауіп сейіле түспек, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Бүгінгінің жолы – жеке бастың гигиенасын қатаң ұстанып, карантин талаптарын сақтау және иммунитет көтеретін азық-түлікті молынан тұтыну. Себебі иммунитет жоғары болғанда ғана, ағза кез келген дертке төтеп берері анық. Бетперде тағып, көпшілік жерде ара қашықтық сақтау да – саулығыңыздың кепілі. Дәл қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын жылы жауып қоюға мүлдем болмайды. Себебі статистикалық деректер күн сайын өсіп, салғырт қараудың салдары вирус жұқтырушылардың санын арттыра түсуде.
Іргеміздегі індетпен күресу бір басқарма немесе денсаулық сақтау саласының ғана қолында емес. Мұнда әрбір тұрғынның өзіндік үлесі бар. Қауіпсіздік шарасын ұстану арқылы өзіңізге және жақыныңызға қорған болыңыз!
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА

05 қаңтар 2021 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031