Қармақшыда 3 сәуірден бері коронавирус тіркелген жоқ

– Тұрғындардың аса қажеттілік болмаса бейсауат көше кезбеуі, үй карантинінде отырғандардың күнделікті медициналық бақылауда болуы дерттің өршімеуіне өзіндік үлесін қосуда. Ол атқарылып жатқан шектеу шаруалардың сақталғандығының көрінісі. Ішкі істер бөлімі мен аудандық сэс-тің күнделікті рейд жүргізіп, тәртіпке шақырғанының нәтижесінде аудан тұрғындары да талапты орындауда. Азық-түлік дүкенінің жұмыс уақыты шектеліп, такси қызметі толықтай тоқтатылуы да дерттің таралуына жол бермеуде. Дәл осындай жауапкершілікпен тәртіпке бағынып, үйде болып, гигиена талаптарын сақтасақ бұл індетті де жеңеміз, – дейді ауданның бас мемлекеттік санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.