» » #ҮЙДЕНШЫҚПАҢЫЗ

#ҮЙДЕНШЫҚПАҢЫЗ

Тәж індеті көптің көңіліне қаяу түсіріп, алаңдатқаны рас. Дегенмен, бүгінге дейін індеттің ауырлығын түсінбей, тіпті сенбей жүрген жандар бар. Оларға тіпті вирустан көз жұмған адамдардың саны да тежеу болар емес. Баз баяғыша барлығын «саясатқа» ысыра салып, арқаны кеңге жайып алған. Сол жандардың кесірінен аурудың тарау қаупі жоғарылауы мүмкін. Сол себептен карантиндік жүйені қатаң сақтау маңызды. Бұл індет біз ойлағаннан да ауыр болуы мүмкін.
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бірқатар іс-шаралар атқарылды. Карантиндік жүйе арқылы адамдардың денсаулығын сақтау қолға алынды. Көшеде мақсатсыз жүруге тыйым салынып, тазалық жұмыстары күшейтілді. Осы орайда, карантин кезіндегі ауданның тынысы қандай?

Ауданда коронавирусты жұқтырғандар табылып, сақтық шаралары одан әрі күшейтілді. Ауданның бас санитарының 1 сәуірдегі №1 қаулысымен өңір аумағы бойынша карантиндік жүйе енгізіліп, кент-ауылдарға растайтын құжат негізінде ғана кіру және шығу рұқсат етілді. Аудан орталығына авто және темір жол көліктеріне 14 тәулікке кіруге шектеу қойылды. Айта кетерлігі, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар, жанармай тасымалдаушыларға шектеу жоқ. Яғни, кентте азық-түлік пен басқа да аса қажетті заттардың тапшылығы болмайды. Сондай-ақ тұрғындардың бей-берекет көшеге шығуына, топталуы мен жиналуына тыйым салынды. Азық-түлікпен қамтамасыз ететін дүкен, дәріханалар санитарлық норманы қатаң сақтауы тиіс. Ал бұл саламен айналыспайтын басқа нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Ауданда тазалық шарасы және арнайы құралдардың көмегімен дезинфекциялау жұмыстары да күшейтілді. Егер тұрғындар 3 адамнан артық топтасып жүретін болса жүзінде қатаң жазаланатын болады.
Ал ауданымыздағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жағдайына келетін болсақ, олар дәрігерлердің бақылауында. Науқаспен қарым-қатынаста болған 18 адам оқшауланып, сынамалары зертханаға жолданған. Науқас болған ошаққа «ҰСО» аудандық бөлімшесі мамандарымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Індет анықталған кезге дейін де ауданда сақтық шаралары қатаң бақыланды. Санитарлық режим күшейтіліп, мектептер ерте демалысқа шықты. Көпшілік жиналатын орында іс-шаралар өткізуге тыйым салынғаны туралы да насихаттық ескерту жұмыстары жүргізілді. Ауданда құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі уақытта рейд жүргізуде. Мейрамхана, ойын-сауық орталықтары жұмысын уақытша тоқтатты. Осының барлығы – халықтың денсаулығы үшін жасалып жатқан шаралар.
Қазіргі сәтте ауданда сақтық шаралары қатаң түрде сақталуы міндетті. Мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан атқарылып жатқан іс көп. Ендігі кезек –халықта. Әр адам өз жеке басы, отбасы мен жақындары үшін үйде болып, індетті өршітпеуге жәрдемдескені маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

04 сәуір 2020 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031