» » Төтенше жағдай режимін бұзған жеке кәсіпкер жауапқа тартылды

Төтенше жағдай режимін бұзған жеке кәсіпкер жауапқа тартылды

ЖОСАЛЫ, 29 наурыз - qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде бірінші кезекте қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды.
Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс -шараларды өткізуге тыйым салынды. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне сағат 22:00-ден кейін шектеулер қойылды.
Дегенмен, ағымдағы жылдың 23 наурызында Жосалы кентінде орналасқан "Данара" кафесінің иесі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, аталған кафенің сағат 22:00-ден кейін жұмыс жасауына жол беріп, тұтынушыларға қызмет көрсеткені анықталды.
Осы факті бойынша сот қаулысымен жеке кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен кінәлі деп танылып, 10 АЕК (26510 теңге ) мөлшерінде айыппұл салынды.
Аудан прокуратурасы төтенше жағдай кезінде белгіленген режимді бұзу, талаптарды орындамау, көрінеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары бойынша қатаң шаралар қабылданатынын түсіндіреді.
Қармақшы ауданының прокуратурасы
29 наурыз 2020 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 255
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930