» » Төтенше жағдай кезінде қандай сауда орталықтары жұмыс істейді?

Төтенше жағдай кезінде қандай сауда орталықтары жұмыс істейді?


Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты азық-түлік тауарларын сататын арнайы сауда орындарынан басқасы өз жұмысын тоқтатады. Азық-түлік сататын дүкендер мен базарлар өз жұмысын жалғастырады деп хабарлайды Massaget.kz
"Төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастырады. Соның ішінде, ірі сауда орталықтарындағы азық-түлік маркеттеріне байланысты анық-қанығын білу үшін әкімшіліктермен байланысып жатырмыз. Өйткені әр әкімшілік шешімді жеке қабылдайды. Бірақ, бөлек азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді. Шектеулер болуы мүмкін. Мысалы, Нұр-сұлтан қаласындағы "Артем" жабылады, тек төменгі бөлік қана жұмыс істейді”, - дейді сауда және интеграция министрлігінің баспасөз бөлімі.
Оған дейін сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов ірі гипермаркеттермен төтенше жағдай хабарланған уақытта жұмысын жалғастыратыны туралы шешімге келгенін айтқан болатын. Азық-түлік өнімдерімен байланысы жоқ барлық сауда объектілері жабылады. Оның ішінде, ірі сауда орталықтары да бар.


15 наурыз 2020 ж. 1 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30