» » Италия саудагерлері халыққа тегін азық-түлік таратады

Италия саудагерлері халыққа тегін азық-түлік таратады

Италия саудагерлері халыққа тегін азық-түлік таратады Саудагерлер апта бойы сатылмаған азық-түлікті халыққа тегін таратады.
Италияда осындай қалдықсыз базар жұмыс істеп тұр. Туринде басталған қайырымдылық шарасын Милан мен Рим де қолдады. Әр сенбі күні кешке үш адамнан құралған еріктілер тобы сатылмаған нан, жеміс-жидек, т.б. азық-түлікті жинап, қала халқына үлестіреді. Әлі де жеуге жарамды тамақтар келесі дүйсенбіге дейін бұзылып кететіндіктен, саудагерлер тауарларын тарата бастайды. Алғаш «тегін алыңыздар» деген үндеуге қала халқы күмәнмен қарайтын. Ал қазір 150 келідей асты бір күнде таратып жүрген еріктілер бұл бастаманың ары қарай да кең қанат жаюына тілектестік білдіріп отыр.
Виола де Андраде Пироли, ерікті:
– Біріншіден, мерзімі өтпеген тамақтарды қоқысқа тастамау үшін және оның қалдықтарын азайту мақсатында осы бастаманы көтердік. Өйткені қалған тағамды сұрыптау мен қайта өңдеуге көп қаржы кетеді. Екіншіден, бұл бастаманың әлеуметтік жағы да бар. Себебі жеуге нан таппай отырған адамдар да аз емес. Бізге негізінен италиялық қариялар келеді. Бірнеше шетелдіктер мен студенттер де келіп азық-түлік алатын.


29 наурыз 2018 ж. 1 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 027
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 699

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031