» » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

Биылғы қытымыр қыстың ызғарлы желі мен аязы аудан тұрғындарын көп әбігерге түсірді. Ауданымыздың байырғы тұрғындарының айтуынша биылғы жылғы ызғарлы ауа райы өңірімізде көп жылдардан бері болмаған.
Иә, мұндай суықты күтпеген көпшілік қыс қамына дайын болмай шықты. Олар дайындаған отын лезде таусылып қалды. Көмір мәселесін шешіп отыратын кәсіпкерлердің де ісі оңға баспады. Әлбетте, осындай кезде қиындықты басынан өткізген өңір тұрғындарына өздерінің өнегелі істерімен танылып жүрген «Қармақшы» және «Ораз ахун» мешіттері жамағаты қолұшын созды.
Оған дәлел, жуырда аталмыш мешіттер қызметкерлері мен жамағатының ұйымдастыруымен Жосалы кентіндегі 18 тұрмысы төмен отбасы мен жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап азық-түлік, киім-кешек және отынмен демеушілік жасалды.
«Ораз ахун» мешітінде өткен шарада ауданның бас имамы Асхат Жарқынбаев діни салауат айтса, Ораз ахун ұрпағы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов пен еңбек ардагері Шегебай Құндақбаевтар сөз сөйлеп, тәрбиелік мәні зор осындай игі шараларды ұйымдастырушыларға ағалық алғыстарын айтты.
–Биылғы қаңтар айы тек біздің өңір тұрғындарына ғана емес, барша қазақстандықтарға қолайлы болмады. Солтүстіктен соққан ызғарлы да аязды жел, бір жылып, бір суытқан күннен пайда болған көк мұздақ тұрғындарды әуреге салды. Мұндай қатты суықты күтпеген ағайындар қысқа жетеді-ау деген отындарын лезде-ақ жағып қойды. Жұмысы бар адамдардың қалталарына бұл қатты тимесе де, әлжауаз топтағағылар көп қиындық көрді. Оларға мешіт жамағаты көмек қолын созып отыр. Яғни жамағат аудан орталығындағы кәсіпкерлерге осындай қолдауға зәру жандарға көмек сұраған болатын. Міне, сондай игі бастаманың нәтижесінде біз бүгін Рүстем Құдабаев, Бақытбек Қалбаев, Руслан Ақиров, Нұрбол Саянов және басқа да жаны таза азаматтардың демеушілігімен қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отырған жайымыз бар. Тіпті, иманжүзді жеке автокөлік жүргізушілер де өздерінің жүрек қалауларымен демеушілікке ие болған жандардың азық-түлік, киім-кешек пен көмір салынған қаптарын үйлеріне тегін жеткізіп береміз деп келіп тұр. Мұндай қайырымдылық шаралар өткен жылы да болды, биыл да жалғасын табады,-деді Берікбай Әбдіраманов.
Иә, азық-түлікке толы үлкен пакеттерін қолына алып, имандылық үйінен шыққан тұрғындар осындай игі шараны ұйымдастырушыларға деген өздерінің ризашылығын әсте жасырмады.
Нұрбай ӘБІЛХАТҰЛЫ.
06 ақпан 2018 ж. 1 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031