БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
КенттегіЕрназарСексенбаевкөшесініңбойындаәлеуметтікмаңызыбаразық-түліктауарларыныңбағасынтұрақтыұстаумақсатындаауданәкімдігітарапынанарнайыіс-шаралардіңбіріретіндежәрмеңкеұйымдастырылды. Жәрмеңкедеұсынғаназық-түлікбағасыбазарбағамыменсалыстырғандаәжептәуіртөмен. 1,4 млн. теңгеніҢ 18 тоннаөнімІтұрғындарғақолжетімдібағадаұсынды.
– Негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан арнайы іс-шаралар өткізу жоспарланған. Жәрмеңке - осындай іс-шаралар аясында, аудан әкімі бастамасымен өңірлік тұрақтандыру қорынан негізгі азық-түлік өнімдерін арзандатылған бағамен алдыру арқылы ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 12 тонна картоп, 2,5 тонна жуа, 2,5 тонна сәбіз, 1 тонна қырыққабат, барлығы 18 тонна картоп, көкөніс өнімдері аудан орталығына өңірлік тұрақтандыру қорының қоймасынан жеткізіліп, жалпы құны 1,4 млн. теңге құрайтын өнімдер жергілікті тұрғындарға базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды. Бұл бастама әлде де жалғасын табатын болады. Өткізілетін уақыты мен орны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде алдын-ала хабарланады, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Сабырхан Зайыров.
«Қызылорда Қаржы Компаниясы» ЖШС-не еншілес «Тұрақтандыру қорының» жетекші маманы Жеңісбек Шаянбековтың айтуынша, Қармақшы ауданы халқының сұрауымен азық-түлік өнімдерін төмен бағада әкелінген. Картоп 95 теңге, жуа 75 теңге, сәбіз 85 теңге, қырыққабат 55 теңге, ұн қабы 3900 теңге, макарон 270 теңге, қарақұмық 120 теңгеден тұтынушыларға ұсынылған. Дорбаларын арзан, әрі сапалы өніммен толтырған тұтынушылар сатып алған заттарына дән риза. Базар бағамынан 15-20 пайыз төмен азық-түлік кімді болмасын қуантады.
– Күннің суықтығы мен кезектің көптігіне қарамай бүгінгі жәрмеңкеге келдік. Ұйымдастырушылар қол жетімді бағада өнімдерін ұсынып жатыр. Бұл базардағы бағадан әлдеқайда төмен. Өнімдердің сапасы да көңілге қонымды. Осындай іс-шараларды ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін, – деді кент тұрғыны Раушан Елдесбаева.
Айнұр ӘЛИ.
Пікір 1