#Үйдебол

ЖОСАЛЫ, 30 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Covid-19 біз ойлағаннан да мықты індет. Мұны әлі күнге дейін сезінбей, індеттің ауырлығын білмей жүргендер бар. Осының әсерінен індетті жұқтырғандар саны артып келеді. Сол себептен ауруға бей-жай қарауға болмайды. Соңғы дерек бойынша жалпы әлемде індетке шалдыққандар саны 700 мыңнан асқан.


Өкінішке орай коронавирус жұқтырғандар Қызылорда облысынан да анықталып, қазір дәрігерлердің бақылауында. Ал індеттің таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Көшені залалсыздандыру, қаланы карантинге жабу, шетел азаматтарына елге кіруге тыйым салу – вирусты таратпау үшін жасалып жатқан игі іс.

Аудан да індетпен күресте барынша аянбауда. Білім ошақтары демалысқа жіберіліп, оқу орындары онлайн жүйеде жұмыс істеуде. Осы орайда мектеп оқушыларының далада себепсіз жүруін ата-аналар қатаң бақылауға алғаны, карантин кезінде балалар мейлінше үйде отырғаны жөн. Ал олардың уақытын қалай қызықты өткізуге болады? Дәл осы кезде кітап оқу зор септігін тигізбек. Балаларыңызды әдеби немесе басқа да жанрдағы кітаптарды оқуға машықтандырғаныңыз тиімді. Сондай-ақ қазір интернетте уақытты тиімді өткізу үшін бірнеше кино сайттары тегін қызмет етуде. Міне, сол желілерден балаларыңыздың сүйікті мультфильмін қосып немесе отбасыңызбен қызықты кино тамашалауыңызға болады.

Бұл індетпен күресте барынша сақтық шараларын сақтап, өзіміз бен өзгенің саулығын қамтамасыз еткеніміз абзал. Үйді көбірек қажетті құралдармен тазалап, вирустың алдын алған дұрыс. Карантиндік жүйе кезінде беймезгіл көшеге шықпаған жөн. Дене шынықтыру жайлы да ұмытуға болмайды. Үй жайында түрлі жаттығу жасап, дәрумендерді көп тұтыну керек. Сол кезде иммунитетіңіз жоғарылап, ағзаңыз вирусқа қарсы тұра алады.

– Төтенше жағдай уақытында, еліміздегі қысылтаяң кезеңде балаларымыздың денсаулығы бірінші орында болуы керек. Барынша оларды адам шоғырланатын жерге, ойын алаңына, далаға шығармаймын. Күн сайын жеке бас гигиенасын сақтауға баулудамын. Бала болған соң ойнағысы келеді. Уақытты қызықты өткізу үшін саусақ маторикасына арналған түрлі ойын ойнатамын. Ол үшін бізге үйдегі қарапайым заттар болса жеткілікті. Мәселен, сіріңкені түрлі түске бояп, әр түсті өз орнына қоюды үйренуде. Уақыт та тиімді өтеді, баланың да ойлау жүйесі дамиды. Бастысы – біз үйдеміз, яғни сенімді жердеміз, – дейді Әлия Төремаханова.

Иә, карантиндік жүйе көп жоспарды болдырмай, саяхат пен қызықты жиындарға шектеу қойды. Алайда, технология мен ақпарат дамыған заманда мұндай шектеуге көңіл-күйді түсіруге болмайды. Карантин кезінде көптеген жан тіл үйренуге бет бұрды. Бірнеше танымдық және шығармашылық желі халыққа жеңілдік ұсынып немесе тегін қызмет етуде. Осы орайда жоғарыда айтып өткендей, уақытыңызды кітап оқу мен кино көру арқылы өткізуіңізге болады. Одан өзге компьютер, смартфонға арналған видео ойынның көбісіне жеңілдік қарастырылған. Көптен бері істегіңіз келіп жүрген тәтті тағам, ойыңызда жүрген шығармашылық жоба үшін де бұл – таптырмас уақыт.

P.S.
Өмірге оптимистік көзқараспен қараңыз. Шешілмейтін түйін болмайды. Сол үшін сақтық шарасын сақтап, өзіміз бен өзгенің амандығы үшін өмір сүрейік. Бұл індеттің алдын алуға кез келген адам өз үлесін қоса алады.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
31 наурыз 2020 ж. 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031