» » АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастады: Трамп себебін түсіндірді

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастады: Трамп себебін түсіндірді

АҚШ әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ
Елде бейсенбі күні кешкі жағдай бойынша коронавирусты жұқтырудың 81 321 жағдайы тіркелген. Бұл Қытай, Италия немесе әлемнің кез келген басқа елдеріне қарағанда көп.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 27 наурыздағы сағат 3:10-да АҚШ әлемде жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шықты — 82 404 адам.
АҚШ президенті Дональд Трамп аталған жағдайға түсініктеме берді.
АҚШ-тың жұқтырғандар саны бойынша көшбасшылығының себебі жаппай тестілеу өткізу болды, деп түсіндірді Трамп. Оның айтуынша, Құрама штаттарда басқа елдерге қарағанда көбірек сынақ жүргізілген.
Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 121 адамға жетті.
27 наурыз 2020 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30