» » Коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті

Елордада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 35-ші адам тіркелді. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті деп хабарлайды kaz.nur.kz
Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 12:00 сағаттағы жағдай:
Алматы қаласында – 29 адам
Нұр-Сұлтан қаласында – 35 адам
Қарағанды қаласында – 2 адам
Алматы облысында – 1 адам
Ақтөбе облысында – 1 адам
Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, 24 наурыздағы дерек бойынша, дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 381 мыңға артқан.
Еске сала кетсек, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.
Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.
Төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.
Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.
24 наурыз 2020 ж. 1 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30