» » Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ

Қызылордада коронавирус тіркелген жоқ

Қазіргі таңда жалпы республикада, оның ішінде Қызылорда облысында коронавирус COVID-19 тіркелген жоқ. Шетелден келген азаматтарды бақылаудан өткізу, індеттің алдын алу мақсатында үлкен сақтық шаралары елдің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Әлемдегі дамыған елдерде короновирус инфекциясы белең алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан зардабын тигізіп отыр.
Осы індеттің алдын алу мақсатында, егер де эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз елдерден келген облыс тұрғындары мен қызмет бабымен азаматтар келген жағдайда 14 күнге оқшаулау (аурудың жасырын кезеңі болып есептелетін) мақсатында Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясынан 100 төсек орын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Ескеретін жағдай: COVID-19 короновирус инфекциясын жұқтырған немесе ауру белгілері бар азаматтар сол елдің аумағынан шығарылмайды.
Ол жердегі балалар талапқа сай жабдықталған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» ғимаратына (құқықтары сақталып) көшірілетін болады. Бұл дайындық жұмыстары ауруды болдырмау, сырттан тасымалданбау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралардың бірі екендігіне түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Осыған орай, тұрғындар арасында жұқпалы ауру туралы нақтыланбаған мәліметтерді таратпауға және бұл бойынша ақпараттарды ресми ақпарат көздерінен ғана алуға шақырамыз!
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
департаменті
05 наурыз 2020 ж. 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930