«Қиыннан қиыстырар ер данасы»
Пандемияға байланысты еліміздегі ахуал қазір ешкімге жасырын емес. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күнделікті қай өңірде қанша адам індет жұқтырғаны жайлы мәлімет жариялы түрде айтылып отыр. Вирустың адам өмірі мен қоғам тынысына қаншалықты зиян әкеліп жатқаны да хабарлануда. Елімізде осы коронавирус инфекциясына байланысты 15 наурыз бен 16 сәуір аралығында Төтенше жағдай жарияланды. Әлемді жайлаған дерттің алдын алу мен оған қарсы пәрменді күреске шақыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады. Сын-қатерге толы кезеңде Мемлекет басшысы қазақстандықтарды қиындықты бірге еңсеруге және олардың мемлекет тарапынан назардан тыс қалмайтынын атап айтса, жақында Президенттің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында тағы қосымша шұғыл шаралар қабылданғаны және төтенше жағдай сәуір айының соңына дейін созылғаны мәлім етілді.
Бір қуанарлығы, аса қауіптің ахуалы Елорда мен Алматы қаласында тұрақты деп бағалануда. Өкінерлігі сол, ауруға шалдыққандардың өсімі көбейіп отырған 5 облыстың арасында біздің де аймақтың бар екені.
Мемлекет тарапынан рухани да қаржылық көмек, демеулер көрсетілуде. Оның алғашқысын отандастарымыз алып та үлгерді. Енді біздің міндетіміз – санитарлық тазалық пен жеке басымыздың гигиенасын сақтап, аса бір қажеттілік болмаса, шаңырақтан шықпай, отбасында отыру. Сабырмен әліптің артын күту. Халықтың амандығы үшін қаупі жоғары індетке қарсы күресте құзырлы орындар мен білікті мамандар білек сыбана кірісіп жұмыс істеуде.
Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,
Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы