» » Президент төтенше жағдайға байланысты арнайы Жарлық шығарды

Президент төтенше жағдайға байланысты арнайы Жарлық шығарды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша Жарлық қабылдады, – деп жазады Kyzylorda-news.kz 


«Мен Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттырып, билік вертикалін нығайтып, дағдарыс жағдайында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Қажет болса, салық саласын да қамтиды. Жарлық дәрі-дәрмек пен өзге де қажетті сатып алударды оңтайландырылған тәртіпте, әсіресе отандық өндірушілерден сатып алу құқығын береді. Осылайша, біз қазіргі төтенше жағдайда өте маңызды болып отырған уақыт пен қаржыны үнемдейміз. Халқымыздың даналығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі, қоғам мен мемлекеттің үйлесімді жұмыстары барлық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді.
16 наурыз 2020 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 656
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 416

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031