» » Біз бұл індетті жеңіп шығамыз

Біз бұл індетті жеңіп шығамыз



Елдос МЕШІТБАЕВ, жас кәсіпкер:
– Әлемді алаңдатқан індеттің елімізде таралуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бір ай мерзімге төтенше жағдай режимі енгізілді. Осыған орай Тұңғыш Президент-Елбасы қазақстан халқына үндей жариялады. Онда отандық кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Мұндай дерттің күннен-күнге өршуі сан мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіруде. Осындай қиын-қыстау күндері бір-бірімізге демеу болып, барынша қолдау көрсету – азаматтық борышымыз. Бүгінде нарықтағы баға тұрақты. Дүкен ішінде сақтық шараларын жасап, жүйелі тазалау жұмыстары іске асырылуда. Тұтынушылар арасында дүрбелең жоқ. Төтенше жағдайдың тәртібіне сай жұмыс кестесін басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізудеміз. Баршамызға жалған ақпараттардан бойымызды аулақ ұстап, тәртіпке бағыну міндет. Қазақ елі қандай сындарлы сәттерде де сыр бермеді. Сондықтан да аудан кәсіпкерлері қауіп-қатермен күресте елі алдындағы өз жауапкершілігін сезінсе, бұл қиындықты да еңсереміз.
20 наурыз 2020 ж. 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031