» » Карантин талабы күшейтілді

Карантин талабы күшейтілді

ЖОСАЛЫ, 5 сәуір – qarmaqshy-tany.kz Ауданымызда коронавирус індетінің таралуына байланысты карантин енгізілгеніне де бірнеше күн болды.


Дегенмен, аудан елді мекендері өз тіршілігімен өмір сүруде.
Тұрғындардың дүкенге барып азық-түлік, дәріханадан керекті дәрі-дәрмек алуына, жұмысына баруына ешкім тыйым салмаған. Бірақ, көшеде бейсауат жүруге тыйым бар екендігі белгілі.
Осыған орай аудандық жұмысшы топ мүшелері аудан орталығының көшелеріндегі тәртіпті қадағалауға жұмылдырылған полиция қызметкерлерінің және аудан орталығына кіре беріс жерлерге қойылған тосқауыл бекеттерінің жұмысымен, дүкен сатушылар тарапынан санитарлық талаптардың сақталуымен танысты.
Полиция қызметкерлерінің жұмысы таң қылаң бере басталып, түн ортасына дейін жалғасады.
Күні-түні жұмыс істейтін олар қоғамдық тәртіпті бақылап, карантин режимінің сақталуын жіті назарда ұстайды.
Жалпы, халықтың басым бөлігі карантин режиміндегі шектеулерге және талаптарға түсіністікпен қарайды.
Барлығы да әлеуметтік желіден оқып-білген, жағдайдың күрделі екендігінен де хабардар.
Десе де, бейсауат жүрген азаматтар мен ересектердің бақылауынсыз жүрген балалар да көптеп кездеседі.
Оларға жергілікті әкімдік қызметкерлері ескертулер жасап жатты.
Дүкен сатушылары санитарлық сақтық шараларын қолданып жатыр. Десе де, бірқатар сауда нысандарында бетперделерін немесе қорғаныш қолғаптарын жедел штаб өкілдері келген сәтте ғана киіп жатқандары да баршылық.
Жерлестерді карантин кезінде шектеу шараларын сақтаудың маңыздылығына жете мән беруге шақырамыз.
06 сәуір 2020 ж. 1 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930