» » Тәртіпке бағынып, үйде болуға шақырамын

Тәртіпке бағынып, үйде болуға шақырамын


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы тапсырма беруі бекер емес. Өйткені қазір Қазақстан халқы ғана емес, әлем қысылтаяң кезеңді басынан өткізуде. Коронавирус инфекциясының аяқ астынан таралып, бар әлемді шарпып кетуі кімге де болса оңай тиіп жатқан жоқ. Біздің ең басты міндеміз – сақтық шарасын барынша сақтап, өзімізді және жақындарымызды қорғау. Себебі кез келген адам аурудан сақтанбаса, жеке бас гигиенасын ұстанбаса, тез жайылып кетуі мүмкін. Әсіресе, жас балалар мен жасы ұлғайған үлкендер, иммунитеті әлсіз адамдар көп адам жиналатын жерге бармағаны дұрыс.
Бізде бұл вирустың қауіптілігіне мән бермей жүрген, сақтық шараларын жүргізбеген адамдар әлі де көп. Әр адам өзінің және жақын-жуықтарының денсаулығы үшін жауапты екенін сезініп, сақтық шараларын сақтағанда ғана бұл індетті жеңеміз. Сол себепті жерлестерімді тәртіпке бағынып, үйде болуға шақырамын.

Лиза ДИНКЕШОВА,
кент тұрғыны
13 сәуір 2020 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 131

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930