» » Аудан әкімінің тұрғындарға үндеуі

Аудан әкімінің тұрғындарға үндеуі

Құрметті аудан тұрғындары!
Бұл күндері бүкіл әлемді шарпыған короновирус пандемиясы елімізбен қоса ауданымызға да қауіп төндіріп отыр.
Бүгін ауданымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша 2 адамның тіркелуіне байланысты арнайы жедел штаб отырысын өткізіп, аудан бойынша шұғыл шектеу шараларын енгіздім.
Төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымызды қауіпті індеттен қорғау.
Қазіргі таңда, әрбір тұрғын елдің қауіпсіздігі үшін жасалып отырған сақтық шараларын сақтаудың маңызына мән беруі тиіс.
Дегенмен, аудан тұрғындары бұл жағдайға аса мән бермей, әлі күнге дейін жауапкершілікті сезінбеуде.
Дана халқымыз ежелден «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деп денсаулыққа ерекше мән берген еді. Қазіргідей қиын жағдайда баршамыз жұқпалы дертке шалдықпас үшін жауапкершілікті күшейтуіміз керек!
Көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азамат ел ішінде алып – қашпа сөздің өршуіне емес, көңілде сенім орнауына күш жұмсау қажет.
Сақтық шаралары басты назарда болуы тиіс! Әрбір адам жеке бас саулығына өзі жауапты.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен гигиеналық шараларды мүлтіксіз сақтауға тырысыңыздар!
Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап ауданымыздағы кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандарда және тұрғындар мен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қадірлі жерлестер!
Қазіргі қиындықты еңсеру үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет!
Бірінші кезекте, дәрігерлерге мен медбикелерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қолдау көрсетейік!
Індеттің таралуын алдын – алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамын!
Бұл – баршамызға ортақ міндет!
Сол үшін төмендегі талаптарды сақтауға шақырамын.
Отбасылық шараларды мүлдем тоқтатайық! Қатаң тәртіп пен ортақ іске жұмыла білу біздің инфекцияға төтеп берудегі басты қаруымыз болуы тиіс.
Барлық кент, ауылдық округтердегі аудан және облыс орталығына қатынайтын қалааралық, ауданаралық, ауылішілік автобустар, микроавтобустар, таксилер т.б. автокөліктермен жолаушылар тасымалдау жұмыстары тоқтатылады. Туындаған мәселеге түсініспеушілікпен қарауды сұраймын.
Азаматтар үй карантин режимін қатаң сақтап, маңызды жұмыстармен үйден шығатын уақытта бетперде, бір реттік медициналық қолғап және дизенфекциялық құралдарды (антисептик) пайдалану қажет.
Төтенше жағдай режимінде қойылған талаптардың орындалмауы әкімшілік құқықбұзушылық жауапкершілікке әкеліп соғатындығын назарларыңызға саламын.
Ынтымақпен бірліктің арқасында бұл ауыртпалықты да жеңеміз!
Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қалдарбеков Мұса Оспанұлы,
Қармақшы ауданының әкімі
01 сәуір 2020 ж. 1 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031