» » Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ

Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ



   Елбасының бүгінгі әлемдік пандемияға байланысты үндеуі халық үшін өте маңызды. Қоғамға қиын кезеңде бірінші болып үлкендік үлгі көрсетіп, сара жолды салып беруі көңіл қуантады. Елбасы алда экономикалық дағдарыстың күтіп тұрғанын мәлімдеп, халықты үнемшіл болуға шақырды. Онан бөлек шағын және ортас бизнес иелеріне қолдау білдіретінін де жеткізді. Елімізде қауіпті дертке төтенше жағдайдың жариялануы да маңызды қадам болды. Себебі қауіпсіздік халық үшін қажет. Қазіргі таңда азық түлік пен қажет тауарлар, медициналық заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сын сағатта Елбасымыз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырып, жанашыр азаматтардың бір кісідей жұмылғанына қуаныштымыз.
   Тәуелсіз Қазақстан болу үшін ұлтымыз көптеген қиын-қыстау күндерді басынан өткерді. Сондай аласапыран уақытта ымырашылдығының арқасында түрлі сынақтарды жеңіп шықты. Береке мен бірлік бар жерде біз үшін алынбайтын қамал жоқ. Басқа түскен сынаққа ел болып төтеп берейік. Әрбір азамат Отан алдындағы қасиетті борышын сезініп, еліне жауапкершілікпен қараса бұл қиындықты да еңсеретініміз анық.

Тұрсынай КЕНЕБАЕВА,
жеке кәсіпкер

21 наурыз 2020 ж. 1 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 906
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 557

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930