» » Covid-19: Аудандағы ахуал қандай?

Covid-19: Аудандағы ахуал қандай?

Қазіргі уақыт – көңілге алаң кірген уақыт. Әр күн, әр сәт денсаулықты ойлаумен, сақтық шараларының алдын алумен өтіп жатыр. Дегенмен немқұрайлық танытатындар әлі де бар арамызда. Иә, әлемді пандемия емін-еркін жайлап, кезіп жүргелі де жыл болды. Әйтсе де бұл вирустың қайтатын түрі байқалмайды. Бүгінде аудандағы ахуал қандай? Бұл халықтың көкейінде жүрген сауал. Ендеше осы сұраққа жауап беріп көрелік.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, 28 желтоқсандағы мәлімет бойынша ауданда желтоқсан айында 14 науқас Covid-19 жұқтырып отыр.
– Жыл басынан бері 153 адам КВИ жұқтырған. Ал осы айда 14 науқас коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бүгінде олардың 5-еуі жазылып шықты. Олардың 4-еуі симптомды болса, 1-еуі симптомсыз. Ал қалған 5 науқас бүгінде облыстық жұқпалы ауруханалар ауруханасында ем қабылдауда. 4 адам үй карантинінде. КВИ жұқтырғандардан 2 ошақ үй ішін түгел жұқтырып отыр. Сонымен қатар өзі жұмыс істейтін мекеме қызметкерлеріне жұқтырғандары да бар, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Г.Төлепбергенова.
Бізге сақтық ережесін сақтамауға әсте болмайды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақталмауының әсерінен осындай жағдай орын алып отыр. Ең әуелі өз денсаулығымызды ғана емес, отбасындағы жақындарымыздың, балалардың саулығын ойлау қажет. Әрине, саулық – сақтықта.
Сақтық шараларын орындау ең алдымен өзіміздің бас амандығымыз үшін керек. Босаңсуға мүлде болмайды. Тәртіпке бағынып, тазалық сақтап жүрген адамның ауруға ұшырамаса да ештеңесі кетпейді. Сенбей, сақтанбай жүргенде вирустың құрығына ілініп қалсақ, не істейміз?

Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 желтоқсан 2020 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031