» » Сақтық – әлі де басты талап

Сақтық – әлі де басты талап

Әлемдік деңгейде белең алған коронавирус инфекциясы таралған кезеңде аудандық орталық аурухана мен Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына қарасты бөлімшелерде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлар ашылып, қалтқысыз қызмет етті. Стационарларда ауданның бас санитар дәрігерінің індетке қарсы және профилактикалық шараларды жүргізу қаулысына сәйкес "Covid-19" диагнозы нақтыланғандар ем алып, науқаспен қарым-қатынаста болғандар мен шетелден келген азаматтар оқшауланды. Бүгінде ауданда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар жоқ. Енді өңірдегі ахуал қандай?
Жалпы індет кезінде аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 20 орынға есептелген инфекциялық стационар ашылып, жалпы саны 64 адам ем алған. Одан бөлек, ғимараттың екінші қабатында 20 орынға есептелген провизорлық бөлімшеде 377 адам болды. Ал 200 орындық Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі жатақханасының 2-3 қабатында карантиндік стационарға 50 төсек саны бөлініп, барлығы 276 адам карантинге жатқызылған. Сондай-ақ Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына қарасты бөлімшелерде 30 орындық карантиндік стационарда 129 адам, жалпы саны 120 орынға есептелген провизорлық стационарда 255 адам болған.
Ауданда "Covid-19" инфекциясын жұқтырған ең алғашқы науқас ағымдағы жылдың 1 сәуірінде тіркелген. Сол уақыттан қазіргі күнге дейін жалпы саны 139 науқас есепке алынып, олармен қарым-қатынаста болған 700 адам оқшауланды. Індетті жұқтырған науқастардың 9-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, қалғаны ересектер. Олардың 113-і Жосалыдан, 25 науқас елді мекеннен және 1 науқас сырттан келген. Тіркелген науқастардың 46-сы симптомды болса, 93 адамнан ауру белгілері байқалмаған. Қазіргі таңда аудан бойынша тамыз айының 18-інен бері коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар жоқ.
– Бүгінде барлық тіркелген науқастар тиісті емдом шараларын алып, жазылып шықты және өздерін жақсы сезінеді. Дегенмен әлі күнге дейін басқарма тарапынан індеттің алдын алу мен жою мақсатында тұрғындарға түсіндірме, сонымен қатар емдеу-сауықтыру мекемелерінде семинар сабақтар жүргізілуде. "Бірлігі бекем елдің белін ешкім сындырмас" демекші, аудан тұрғындарын жұдырықтай жұмылып, сабыр сақтауға, аурудың алдын алу үшін барлық сақтық шарасын ұстануға шақырамын, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Күз мезгілінде тұмау мен ЖРВИ ауруларын жұқтыру қаупі жоғары. Алайда, кейде адамдар бұл аурулардың қауіптілігін сезбейді, вирусқа салғырт қарайды. Бірақ бұл вирустардан да сақтану, дер кезінде емделу – маңызды екенін ұмытуға болмайды.
Тұмау – тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Ол адамға ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады. Яғни, тыныс алу, жөтелу мен түшкіру арқылы ауаға тарайды. Өкініштісі, тұмау тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтайтын ауру. Сонымен қатар, оның иммундық жүйесі қарт адамдар мен балалар емделмегенде немесе қате ем қолданғанда, режим бұзылған кезде туындайтын асқынулары өте қауіпті. Мәселен, вирустың асқынған түрі бронх қабынуына, пневмонияға, менингит және энцефалитке, кейде тіпті селкілдек ұстама мен галлюцинацияға әкеп соқтыруы мүмкін. Сол үшін ауруды дер кезінде дұрыс емдеп, алдын алған жөн. Ал аталған вирустың қалай алдын алған дұрыс?
Аурудың алдын алу оны емдеуден гөрі тиімдірек екенін ескере отырып төмендегі шараларды жыл бойы сақтаған жөн. Ең алдымен дұрыс тамақтану және дене белсенділігін арттыру қажет. Вирустың таралуынан 1-3 ай бұрынғы егілетін вакцинаны да ектірген абзал. Бетперде тағу – вирустың тыныс алу жолына түсуден сақтайды. Халық көп шоғырланған аймақтарға бармаған жөн, ал барар болсаңыз мұрын қуысына арнайы май жағып алған дұрыс. Қоғамдық орындардан келген соң мұрынды жуыпшаю өте маңызды.
Одан бөлек, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапа, қауіпсіздігін бақылау басқармасы "Жіті респираторлық вирустық инфекциядан" да сақтану қажеттігін ескертеді. Әлемдегі төрт ортақ белгілерді біріктіретін аурулар тобы – ЖРВИ. Мұндағы барлық аурулар жұқпалы, ағзаға тыныс алу жолдары арқылы келеді және аурудан бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. Ал онымен ауырғанда не істеу керек?
Мамандардың айтуынша, ең алдымен, өзгелерге жұқтырмас үшін оқшауланып және ауруды емдеу үшін дәрігерге жүгінген дұрыс. Бұл аурумен ауырғанда жүректамыр қызметіне, ағзаның иммунды және басқа жүйесіне көп күш түседі. Сондықтан дәрігердің тағайындаған дәрілерін уақытылы пайдаланып, төсек тәртібін сақтау керек. Сұйықты көбірек ішіп, құрамында С дәрумені бар тағамдарды молынан пайдаланған дұрыс.
– Тұмау мен ЖРВИ – сіз ойлағаннан ауыр және қауіпті вирус. Десе де күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан ауруды жұқтырып аламын деп үрейге бой алдыруға болмайды. Дендеріңіз сау болсын десеңіз, мамандардың ұсынысын орындап, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Біз басқарма тарапынан эпидемиологиялық маусымның алдында халыққа үнпарақтар таратып, әлеуметтік желілерде қажетті ақпаратты жариялап отырмыз. Міне, осы мағлұматтармен жіті танысып, вирустан қорғаныңыз, – дейді басқарма басшысы Г.Мәлікқызы.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
15 қыркүйек 2020 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031