» » Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 380-ге жетті

Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 380-ге жетті


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 380-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, деп жазады kyzylorda-news.kz.

«Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Оның ішінде Қызылорда қаласынан – 20, Жаңақорғаннан – 2, Аралдан – 1 жағдай тіркелген. Анықталғандардың 6-ы емхана мен аурухана скринингінен, 15 жағдай қарым-қатынас арқылы, 2 жағдай өз еркімен ақылы сынама тапсырып, анықталған»,-деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4708 азамат анықталды. Оның ішінде, 2627-і тікелей қарым-қатынаста, 2081-і ықтимал қарым-қатынаста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 147 адам ем алуда. Оның 31-і провизорлық стационарда, ал 296 азамат карантиндік бақылауда. Барлығы - 474.

31 мамыр 2020 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031