Аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова Байқоңырға барды
ЖОСАЛЫ, 15 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Облыс әкімінің жұмыс сапары Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде жалғасын тапты. Мұнда ол мектептің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, жаңадан салынған көп қабатты 5 тұрғын үйге барып, оның құрылыс жұмысын жалғастыру мәселелерін талқылады. Содан соң Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына жол жүрді. Мұндағы атқарылып жатқан қызметпен танысып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Сапар Жеңіс саябағына аяңдады.
Еске салайық, былтыр Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 пәтерлік 5 үй пайдалануға берілді. Бұл соңғы 30 жылда алғаш рет орын алған игі іс болды. Сонымен қатар өткен жылдың қазан айында қаланың барлық көппәтерлі үйлерін (20427 пәтер) табиғи газға көшіру аяқталған. Бұл іс тұрғындар үшін газ төлемін 16 есеге төмендетуге мүмкіндік туғызды.
COVID-19 инфекциясын алдын алуға бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
ШЖҚ КМК «Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасына» қарасты Төретам ауылдық ауруханасында карантиндік – 30 төсек орынды және провизорлық – 15 төсек орынды бөлімшелер және
1 төсек орынды интенсивті-реанимациялық палата ұйымдастырылды. Бөлімшелерде медициналық қызметкерлер саны (дәрігерлер – 6, мейірбикелер - 13, кіші буын қызметкерлері - 14) штаттық нормативке сәйкес құрылып, қызмет атқаруда.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық трассасынан Байқоңыр қаласы мен Ақай ауылдық округіне, Төретам кентіне кіре беріс жол айрықтарында (Солтүстік және Оңтүстік) 2 блок бекет ұйымдастырылып, онда жалпы саны 16 мейірбикелер 24/7 қағидатымен жұмыс атқаруда.
Осы күнге дейін карантиндік стационарда 61, провизорлық стационарда 23 адам бақылауда болып, жатып шықты. Қазіргі уақытта, карантиндік бөлімшеде – 8 адам, провизорлық бөлімшеде – 2 адам бақылау үстінде. «Үй карантинінде» барлығы 125 адам оқшаулануда, оның ішінде Байқоңыр қаласы бойынша – 83, Ақай ауылдық округі бойынша – 10, Төретам кенті бойынша – 32 адам бақылануда.