» » Өткенге – есеп, ертеңге – үміт

Өткенге – есеп, ертеңге – үміт

Үш аудан орталығында – Жосалы, Тереңөзек және Жалағаш кентішілік газ желілерінің құрылысы жүргізілуде. Биыл осы аудан орталықтары көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл жайында сәрсенбіде өткен аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтылды.
      Бүгінде облыс халқының 64,5 проценті табиғи газды тұтынып отыр. Осы уақытқа дейін Қызылорда, Байқоңыр қалалалары мен 4 аудан орталығы газға қосылды. Облыс әкімі алдағы уақытта басқа да елді мекендерді газдандыру мәселесіне қатысты пікірін білдірді.
 – Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2020 жылы тұрғындар саны 24 мыңдай адамды құрайтын Қазалы ауданының Қазалы қаласы мен Мұратбаев елді мекенін және Шиелі ауданының Байсын, Қодаманов, Бидайкөл, Бекежанов, Алғабас елді мекендерін газдандыру жобаларын іске асыруды бастау мәселелерін пысықтап жатырмыз. Келесі кезеңде тіректі елді мекендер газдандырылады, – деді аймақ басшысы Қ.Ысқақов.
   Келер жылы Төретам мен Ақай, 2021-2022 жылдары Сексеуіл, Наурыз және Махамбетов елді мекендері көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда. Ал жыл соңына қарай елді мекендерді газдандыру деңгейі 70 процентке дейін жетпек.
   Айта кететін жайт, былтыр Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 пәтерлік 5 үй пайдалануға берілген болатын. Бұл соңғы 30 жылда алғаш рет орын алған игі іс. Биыл тағы 5 үйдің құрылысы басталмақ. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ өткен жылдың қазан айында қаланың барлық көппәтерлі үйін (20427 пәтер) табиғи газға көшіру аяқталған. Бұл іс тұрғындар үшін газ төлемін 16 есеге төмендетуге мүмкіндік туғызды. Жылу тарифтерін төмендету мақсатында Байқоңыр қаласының жылу-электр станциясын қайта құру мәселесі Ресей тарапымен талқылануда. Аймақ басшысының айтуынша, қазір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру мәселесін пысықтауда.
   Ал биылдан бастап әр отбасы мүшесіне күнкөріс минимумының 70 процентінен аз келетін отбасылар ғана атаулы әлеуметтік көмек ала алады. Бірақ еңбекке жарамды отбасы мүшесінің жұмыс істеуі міндетті.
   – Еңбекке жарамды халықтың барлығы жұмыспен қамтылып, олардың өзін-өзі және отбасын қамтамасыз ете алатындай болуына барынша күш салудамыз. Ал белгілі бір себеппен еңбекке жарамсыз және мұқтаж азаматтар үшін, әрине, мемлекет кепілдендірілген көмек көрсетеді. Біз жәрдемақы алу үшін адамдардың өз табысын жасыру, салықтан жалтару, әдейі ажырасу, мүлкін туысқандарының атына жазу сияқты фактілерге тап болдық. Жұмыс берушіге қарағанда мемлекет төлейтін атаулы әлеуметтік көмек көбірек болған соң кейбіреулер тіпті әдейі жұмыстан шығып жатты. Оларға жұмыс істемей-ақ, үйде отырып, мемлекеттен жәрдемақы алу тиімді болды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет адамдардың масылдық көңіл-күйіне тап болды. Ең сорақысы, атаулы әлеуметтік көмек алуға ниет білдіргендердің ішінде екіқабатты коттеджде тұратындар да кездесті, – деді аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы.
   Сонымен қатар бүгінде жиырма шақты елге экспортталатын агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тізбесі 3-тен 19 түрге дейін артқан. Өткен жылы экспорт көлемі 7 процентке өсіп, экспорттың 90 проценті қайта өңделген. Сонымен қоса жалпы құны 408 млрд теңгеден асатын 10 ірі жоба жүзеге асады. Шыны зауыты да іске қосылады. Онкологиялық бөлімі бар облыстық аурухана салынбақ. «Шу-Сарысу» шөгінді бассейнінде жер қойнауына зерттеу жұмысы да жүргізілмек. Бастысы – биыл облыста 8 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Сырдария өзенінің арнасын тазалауды қаржыландыру мәселесі де шешімін табады.
Облыс әкімі есепті баяндамадан соң жиналғандар тарапынан қойылған сұраққа жауап берді. Оның ішінде Байқоңыр қаласының тұрғыны Сәрсенкүл Жұматаева:
   – Осыдан екі ай бұрын өт жолымда тас бары анықталған болатын. Дәрігерлер Қызылорда немесе Алматы қалаларына барып, ота жасату керек екенін айтуда. Отадан кейінгі қалпына келтіру процесі де ұзақ уақытты алатын көрінеді. Осы орайда сұрайын дегенім, үлкен қалалардағыдай ота жасау мүмкіндігі Байқоңыр қаласында қашан болады? – деген көкейінде жүрген сауалын қойды.
Оған аймақ басшысы Байқоңыр қаласы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
   – Былтыр мұндағы аурухана облыстық медицина орталығының филиалы болған. Қазір ол көпбейінді аурухана мәртебесін алды. Осыдан кейін оның ішіне жаңа құрал-жабдықтар алып, жаңа мамандармен толықтыру керек болды. 22 дәрігер жетіспейтін. Қазір соның 20-сы келді. 150 млн теңгенің құрал-жабдығы алынды. Биыл да бюджеттен 60-65 млн теңге бөліп отырмыз. Аурухананың күрделі оталарды жасауға мүмкіндігі бар деп ойлаймын, – деді Қ.Ысқақов.
   Есепті кездесуде мұнан өзге бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Әрі жолданған әрбір сауалдың жауапсыз қалмайтыны да айтылды.
Айнұр ӘЛИ
24 ақпан 2020 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031