Аймақ басшысы ауылдарды аралады

Аймақ басшысы Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол, Иіркөл ауылдық округтерінде де болып, тұрғындармен кездесті. Иіркөл мен Алдашбай ахун ауылдық округінде сапалы интернет және ұялы байланыс орнату мен аяқ су мәселесі көтерілді. Облыс әкімі жауапты мамандарға 2019-2020 жылдарға арналған "Каналдарды қыршып, тазалау" жоспарлы бағдарламасы шеңберінде тұрғындар айтқан аяқ судың проблемасын көктем мезгілінде шешіп беруді тапсырды. Қажет болған жағдайда "электрлі дизельді мотор" қоюды жүктеді.
Мұнан соң өңір басшысы Төребай би, Ақай, Төретам, Қармақшы ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Ақайлықтар газ мәселесін көтерді. Өздеріңізге белгілі қазір Байқоңыр қаласы көгілдір отынға қосылды. Ал маңындағы Ақай, Төретам елді мекендерін газдандыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда дейді жауапты мамандар.
Бұған дейін Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандарына қарасты ауылдарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы Қармақшы ауданының да елді мекендерін түгел қамтыды. Тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқан облыс әкімі, барлық жұмыстар өзінің қадағалауында болатынын жеткізді.
Қармақшы ауданында 53,8 мың тұрғын бар. Шағын кәсіпкерлік субъектілері саны – 3206. Өткен жылы -1551 жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс жұмыстарының көлемі – 4,2 млрд.теңгеге артқан.