» » Облыс әкімінің Қармақшы ауданына жұмыс сапары басталды

Облыс әкімінің Қармақшы ауданына жұмыс сапары басталды

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың Қармақшы ауданына жұмыс сапары басталды. Аймақ басшысы аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Көмекбаев ауылдық округінде болды. Жиында тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірін айтып, 1964 жылы қаланған ауылдық клубты қайта салуды сұрады. Өңір басшысы облыстық мәслихат хатшысы Қ.Бисеновке аталған мәселелер бойынша депутаттармен келісе отырып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвесторлар қарастыруды ұсынды.
Бүгінде ауылда 1386 адам тұрады. Кездесуде өңір басшысы жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлікті дамыту туралы да айтты. Еске сала кетейік, өткен жылы Көмекбаев ауылында 4 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алса, 3 адам жеңілдетілген несиеге ие болды. Қазіргі таңда өз кәсіптерін бастап, еңбектерінің жемісін көріп отыр.
17 қаңтар 2020 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031