» » Ел еңбегімен еңселі

Ел еңбегімен еңселі

Бейсенбіде аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың ауылдарға жұмыс сапары Т.Көмекбаев ауылынан басталды. Өңір басшысы аудан орталығынан тысқары жатқан бес ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, тұрғылықты халықпен жан-жақты пікір алмасты. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымызға арнаған Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау және ауылдың даму жоспарымен бөлісу мақсатында жұртшылықпен жүздесті.
– Биліктен қандай көмек керек, қолымыздан не келеді соны сіздермен анықтап, ақылдасуға келдім. Өздеріңіз білесіздер 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі" атты Жолдауы жарияланды. Осы маңызды құжаттағы мәселелерді талқылап, елдің тыныс-тіршілігін білуге арнайы келдім, – деді өңір басшысы жұртшылықпен кездесуінде.
Мұнан соң аудан әкімі ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірін тыңдады.
Мысалы Т.Көмекбаев елді мекенінде еңбек ардагері Сайлау Жанбаев ауылдағы тәртіп пен бақша егу кезіндегі техниканың жетіспеушілігін тілге тиек етсе, "Жаңақала" ШҚ жетекшісі Ғалымжан Әбдиев мал азықтық шөп дайындауда кездестін кейбір қиындықпен бөлісті. Қуаңдариядағы кездесуде ауыл әкімі Рустам Ефенов елді мекенде жұмыссыздық мәселесінің шешімін тапқанын жеткізсе, Алдашбай ахун ауылында аяқ су, жарық, көше жөндеу мәселесі көтерілді. Ауыл ақсақалы 100 жыраудың елінде тұрып бірде бір жыршылық-жыраулық үйірменің жоқтығына қынжылса, денсаулық сақтау саласында медбикенің тағы бір штаты қосымша қосылса деген тілегін жеткізді. Себебі Жосалы кентіне қатынау жасы келген қарттарға оңай емес.
Бұдан кейін аудан әкімі Тұрмағамбет ауылына бет түзеді. "Тұрмағамбет" ЖШС қырман басында болып, шаруашылықтың биылғы жыл атқарған бірқатар жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Нұржан Пірмантаев жақында бой көтерген "Сәлима ана", "Ақтайлақ" шағын сүт өңдеу цехының жұмысынан хабардар етті. Ауылдың тазалығы мен онда істеліп жатқан игі шаралар елдің еңсе тіктеуіне септігін тигізуде. Ауылдың 60 жылдық мерейтойында ашылған Орталық алаң шайыр ауылының шырайын аша түскен. Мұнда жастар мен елді мекен тұрғындары "Сыр сүлейлері" ескерткіш тақтасы мен "Ер есімі – ел есінде" атты Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің құрметіне қойылған мемориалға әркез тәу етеді.
Балаларды тәтті балмұздағымен қуантқан шағын сүт өңдеу цехында бүгінде сүт өнімінің бірнеше түрі өндіріледі. Емдік сусын, айран, қаймақ, ірімшік, тағы басқасы аудан орталығына саудаға түсірілуде. Болашақта серіктестік ет өнімін өңдейтін цех ашуды жоспарлап отыр.
Мектеп директоры Зарипа Тасымова тарихы тереңде жатқан Тұрмағамбет ауылының шежірелі жылдарынан ақпар беретін тарихи-өлкетану музейімен таныстырып шықты. Онда ауылға қатысты бай материалдар жинақталған. Аудан басшысы Мұса Оспанұлы адамның рухани байлығын кеңейте түсетін мұндай мұражайды облыс көлемінде насихаттауды тапсырды.
Мұса Оспанұлының жұмыс сапары Ақжар ауылында жалғасын тапты. Ауылдық округі әкімі аппараты, фельдшерлік және акушерлік пункті, 90 орындық балабақша мен мектеп, мәдениет үйінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады.
Жұмыс сапарында әкім ауылдық округте орналасқан кейбір мекеме басшысына ескерту беріп, оны реттеуге тиісті мерзім белгіледі. Кездесулерде тұрғындарды масылдық психологиядан арылып, адал еңбек етуге шақырды.
"Батаменен ел көгерер" дегендей, елге еңбегі сіңген ақсақалдар Сайлау Жанбаев, Ешмағамбет Дүйсебаев, Нәби Бисенқұлов, тағы басқасы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне аталық ақ басын беріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
16 қыркүйек 2019 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031