» » ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ


Жылдағы дәстүрмен аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңір тұрғындарымен есепті кездесуі аудан орталығынан шалғай орналасқан Т.Көмекбаев ауылында басталды.

Ауыл әкімі Ғалымжан Ақжігітовтың округ тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында өткен жылы атқарылған, оның ішінде Елбасы саясатын жүзеге асыруға мақсатталған жұмыстардың атқарылу барысы жайлы хабарламасынан кейін, аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңір бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы ауданда 1 мектеп, 2 балабақша, сонымен қатар, өңір тұрғындары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытында Төретам кентінен денешынықтыру және сауықтыру кешені ел игілігіне пайдалануға берілгенін, Иіркөл, Дүр Оңғар, Төребай би, сонымен қатар Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев ауданаралық автожолының бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сонымен қатар, аудан диқандарының ауылшаруашылығын дақылын өндірудегі жетістіктеріне, оның ішінде «Жаңажол» серіктестігі күріш дақылын өндіруде облыс бойынша жеңімпаз атанғанын атап өтті.

Кездесуде аудан басшысы С.Мақашов басқа да салалар бойынша қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, ағымдағы жылы ел әлеуетінің өсіп-өркендеуіне арналған игі істер жайында мәлімдеді. Оның ішінде, аудан орталығын газдандыру мәселесі шешімін табатынын айтты.

Кездесу барысында округ тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, сала мамандарының тұщымды жауаптарына қанықты.

Кездесуде ауыл тұрғыны Жүрген Маңмұрынов жылқысын сырттан келген адамдар барымталап кеткенін, ауылда мал ұрлығы өршіп тұрғанын, округке келіп-кеткен автокөліктерді учаскелік полиция тіркеуге алып тұрса деген шағымын айтса, Ғалым Әбдиев пен Ақтай Хайруллаев ауыл аумағындағы каналдарға жөндеу жүргізсе деген өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге №185 орта мектептің мұғалімі Сәнімкүл Кішкентаева өзге елге қоныс аударған тұрғындар бұзып әкеткен үйлердің орнына мал қора салып алу орын алғанын, осы көріністер ауыл тазалығына кері әсерін тигізетіін айта келе, тұрғындарды тәртіпке шақырылса деген ұсынысын білдірді. Ал, Алтынбай Оразбаев пен Шарападин Қайырбаев және Бағдат Хайруллаевтар ауыл орталығындағы клуб үйі қайта салынса, ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе және көптің көкейінде жүрген түйінді мәселелердің бірі – кеңжолақты байланыс орнатылса деген өтініш-тілектерін жеткізді.
Н.Жанәділов


16 қаңтар 2019 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031