Талсуаттағы ет комбинатының құрылысы биыл аяқталады
Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтіп жатыр, деп жазады Kyzylorda-news.kz
Жиын барысында аймақ басшысы 2020 жылы Талсуаттағы ет комбинатының құрылысы аяқталатынын жеткізді,
«Кәсіпорынның іске қосылуы ішкі нарықты етпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарықта табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі экспортқа бағытталған қуаттылығы жылына 5 мың тонна етті терең өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі болмақ», – дейді облыс әкімі.
Өткен жылы Жаңақорған ауданында1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылған болатын. Биыл Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында 1300 басқа арналған тағы 2 мал бордақылау алаңы іске қосылмақ.
«Биыл Қазалы ауданындағы 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын кеңейту жобасы аяқталады(«РЗА» АҚ, 450 млн.теңге), Қармақшы ауданындағы 1500 тонна құс етін (1,9 млрд. теңге) өндіретін құс фабрикасын, Шиелі ауданындағы 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын («Сыр агро и К» ЖШС) салуды жалғастырамыз. Бізде бақша шаруашылығын, атап айтқанда, алма бақтары мен жүзімдіктерді дамыту бойынша да жақсы мүмкіндіктер бар», – дейді Қуанышбек Досмайылұлы.
Кезінде өздерінің бау-бақшасымен танылған Жаңақорған, Шиелі аудандарына мемлекеттен қолдау болады. Бұл табысты бизнесті дамыту үшін зор мүмкіндік. Осыған орай былтыр аймақ басшысы аудан әкімдеріне тапсырма беріп, 80 гектар жерге жеміс ағашы егілгенін айтты. Алайда бұл жеткіліксіз. Әр аудан және Қызылорда қаласы жыл сайын кемінде 10 гектар жеміс ағаштарын отырғызуы тиіс.