» » Қызылордада ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр

Қызылордада ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр

Қызылордада халықаралық стандарттарға сай бірегей ет комбинатының құрылысы басталды. Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов осылай деп мәлімдеді, дейді Kyzylorda-news.kz.
«Шетелге тірілей мал жіберуге немесе оны басқа облыстардың ет комбинаттары арқылы экспорттауға тура келеді, өйткені, өңірімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинаты жоқ. Бұл – шешуді қажет ететін тағы бір міндет. Сондықтан, биыл халықаралық стандарттарға сай келетін, өнімі экспортқа бағытталған ет комбинатының құрылысын бастадық. Комбинат жылына 5 мың тонна етті терең өңдейтін аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болмақ», – дейді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қуанышбек  Досмайылұлы құс шаруашылығы, сүт және етті мал шаруашылығы, жылыжай өндірісі, жеміс-жидек дақылдары өндірісі, майлы дақылдар өндіретін шаруашылықтар сияқты қалыс қалған салаларды дамытуды қолға алғанын жеткізді.  
22 қараша 2019 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 958
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031