» » Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласының эпидемиологиялық ахуалы бойынша мәжіліс өтті. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков пен ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Коронавирус індеті бойынша осы уақытқа дейін Қармақшы ауданыныда 103 жағдай тіркелді. Оның ішінде 95 азамат емделіп шықты. Қалған 8 адамның 4-уі инфекциялық стационарда, 4-уі үй жағдайында емделуде.
Пневмония диагнозымен 349 науқас тіркелген. Оның ішінде 223 адам жазылды. Қалған 126 азаматтың 98 провизорлық стационарда ем қабылдаса, 28 жеңіл жағдайда болғандықтан үйде емделуде.
Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы медициналық ұйымдарда 5 рентген аппарат, 11 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 18 оттегі концентраты, 110 оттегі баллоны бар. Мұнымен қоса, Қармақшы ауданына демеушілік есебінен 5 оттегі концентраты, ал, Байқоңыр қаласына 2 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) мен 5 оттегі концентраты жеткізіледі деп жоспарлануда.
Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында қазіргі күні 30 инфекциялық, 220 провизорлық стационар ұйымдастырылған. Алдағы уақытта қажеттілік туындаған жағдайда қосымша Қармақшы ауданында 50 орындық, Байқоңыр кешенінде 50 орындық провизорлық стационар ашылатын болады.
Жиында облыс әкімі ауданда провизорлық, инфекциялық стационарларды көбейтіп, індетке қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
«Пневмония мен коронавирус індеті өршіп тұр. Тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін дәрілік заттардың, аппараттардың жеткілікті болуын қатаң бақылауға алыңыздыр. Провизорлық, инфекциялық стационарлардың санын көбейту керек. Жергілікті дәрігерлердің Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының білікті мамандарымен тәжірибе алмасуына жағдай жасалсын. Медицина мекемелерін қажетті заттармен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіңіздер. Денсаулық сақтау басқармасы жалпы облыс бойынша қосымша дәрігерлердің резервтік тобын жасақтап қойсын. Сақтық шараларын сақтауға шақыратын ақпараттандыру жұмыстарын күшейту керек», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

23 шілде 2020 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 435
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 237

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930