Құрылтай
» » Түркия елінен гуманитарлық көмек жеткізілді

Түркия елінен гуманитарлық көмек жеткізілді

Түркия елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек пен 30 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) жеткізілді. Оның ішінде аппараттың 10 данасы Қызылорда облысына берілді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет кентінде орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығына барып, Түркия елінен келген өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын табыстады.
Аппараттың үшеуі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал қалған жетеуі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізіледі.
Айта кету керек, Түркия үкіметімен бірге қазақ қауымдастығының өкілдері де елімізге қолдау көрсетуде.
Жоғарыда аталған орталықта 120 орындық инфекциялық стационар ұйымдастырылған. Оның ішінде 6 төсек жансақтау бөлімі болып ашылған. Бүгінгі таңда стационарда 111 науқас ем алуда, оның 4 жансақтау бөлімінде. Тағы 9 азамат облыстық көпбейінді және қалалық ауруханадан ауыстырылатын болады. Айта кету керек, «Вi-group» құрылыс компаниясы 10 оттегі концентратын фтизиопульмонология орталығына сыйға тартқан.
19 шілде 2020 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31