Құрылтай
» » Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Сондай-ақ "Джек Ма" және "Alibaba" қорлары экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек.

Қытай миллиардері Джек Маның қоры Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.

Гуманитарлық жүк Алматыға 10 сәуірде жеткізілді.


"Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары келді", - делінген хабарламада.

4,5 тонна болатын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері бұл қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек.


12 сәуір 2020 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31