» » Қазақстанға Қытайдан қандай гуманитарлық құралдар жеткізілді?

Қазақстанға Қытайдан қандай гуманитарлық құралдар жеткізілді?

Алматы халықаралық әуежайына Қытай үкіметінің медициналық қорғаныс құралдарының алғашқы гуманитарлық жүктері келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Фармация" СК Алматы қаласындағы өкілдігінің менеджері Шолпан Ағыбекованың айтуынша, гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 500 кг құрайды.
"Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайды ескере отырып, Қытай Республикасы бізге гуманитарлық көмек көрсетті: коронавирусты анықтау үшін диагностикалық тесттер, инфрақызыл термометрлер, бір рет қолданылатын қолғаптар, бахилалар, медициналық киімдер, көзілдіріктер және басқа да медициналық қорғаныс құралдары", - деді ол.
Оның сөзінше, оларды елдегі медициналық мекемелердің қажеттілігіне қарай таратады.
ҚР-дағы Қытай бас консулының орынбасары Мяо Хумбо бұл көрсетілетін алғашқы және соңғы көмек емес екенін атап өтті.
Жүк Алматы әуежайында 2 сәуірде қабылданды.

02 сәуір 2020 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 531

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930