» » COVID – 19: аудандағы ахуал қандай?

COVID – 19: аудандағы ахуал қандай?

Жақында Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өтіп, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин талаптарын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Отырыс барысында енгізілген шаралардың нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 проценттен 0,5 процентке төмендегені айтылды. Сонымен қатар, індеттен жазылып шыққан адамдар саны 76 процентке жетіп, емханадағы төсек орындардың жүктемесі 26 процентті құраған. Бұл жағымды жаңалықты естіп, аудандағы бүгінгі ахуалды білмекке жауапты мамандармен байланыстық.

– Жалпы аудан бойынша Covid-19 диагнозымен тіркелген науқас саны – 136. Оның ішінде клиникалық симптомдысы – 49, симптомсыз – 87 адам. Бүгінде аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 13 науқас ем қабылдауда. Ал провизорлы стационарда 43 адам ем алып жатса, оның 31-і Байқоңырдан, қалған 12-сі Жосалы кентінен. Осы кезге дейін індеттен жазылып шыққандардың саны – 123, үй карантинінде жатқан адамдар жоқ, – дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы эпидқадағалау бөлімінің басшысы Ақбота Әбжаппарова.
Сондай-ақ, маман індетті толықтай жеңбегенімізді еске салып, вирустан сақтану керектігін жеткізді. Оның ішінде тазалық жүйесі, арақашықтық сақтау мен ауру белгілері байқалса дәрігерлерге, яғни жедел жәрдемге жүгіну қажеттігін ескертті. Отбасылық іс-шараларды, жиын-тойларды өткізуге және ондай жерге баруға болмайтынын да атап айтты.
Бүгінде карантиндік шектеулер енгізудің нәтижесінде індетті жұқтыру қаупі азайып, науқастар жазылып шығуда. Дегенмен, расында да сақтық шараларын қатаң сақтау әлі де маңызды болып тұр. 17 тамыздан бастап кейбір шектеулер алынатыны мәлім. Алайда, босаңсуға болмайды. Індетті шарықтатпау, оны жеңу үшін сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. Қысқасы, жақын уақытта науқастар толықтай айығып, отбасына оралатынына күмәніміз жоқ.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ


15 тамыз 2020 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031