» » Елімізде коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі 4-тен 2,1% дейін азайды

Елімізде коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі 4-тен 2,1% дейін азайды

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары арқылы COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік берді, провизорлық және инфекциялық стационарлар жүктемесі айтарлықтай азайды. Осылайша, провизорлық төсек-орынның қамтылуы 40%-ға (89%-дан 49%-ға дейін), реанимациялық төсек-орынның қамтылуы – 19%-ға (73%-дан 54%-ға дейін) төмендеді», - деп хабарлады Денсаулық Сақтау Министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 және пневмониясы бар науқастарды емдеуге қажетті стационарлық төсек-орын әзірленіп, жалпы төсек қоры 30,4 мыңнан 52,1 мың төсек-орынға дейін яғни 21,7 мыңға өсті.

«Бұл көрсеткіштер ауру қарқынының тұрақталғанын көрсетеді. Дәрігерлер біртіндеп үйреншікті жұмыс режиміне көшіп жатыр, шаралар жүйелі түрде жүзеге асырыла бастады», – дейді министрлік.
26 шілде 2020 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031