» » Коронавирус індеті Қазақстанда шарықтау шегіне жетті - ҚР ДСМ

Коронавирус індеті Қазақстанда шарықтау шегіне жетті - ҚР ДСМ

Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жеттік. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Біз коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жеттік. Яғни, қазір елімізде 100 мың адамға 7 науқастан келеді. Осыған байланысты, карантиннен бөлек, елді мекендерде жұмысын тоқтатпаған, инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ауқымды тексеру басталды. Бұл тестілеу 10 сәуірден 20 сәуірге дейін белсенді түрде жүргізіледі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, аурудың таралуына байланысты, медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы күшейтілген режимге ауысты.

«Әрбір пациентті ықтимал науқас деп қараған жөн, сондықтан медициналық қызметкерлер қорғаныс бұйымдарын қолдануы міндетті. Одан бөлек, провизорлық стационарға да жұқпалы аурулар ауруханасының талаптары қойылады: міндетті түрде бейнебақылау, желдету жүйесі болуы керек, палаталарды толтыру циклы сақталғаны жөн. Әрбір ауысым екінші ауысымнан оқшаулануы қажет. Ең бастысы - медициналық ұйым басшылары қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті», - деді Л. Ақтаева.
15 сәуір 2020 ж. 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031