» » Коронавирус: Қазақстанда 11 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирус: Қазақстанда 11 науқастың жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқас ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.

Министрдің айтуынша, дүние жүзінде коронавирус жағдайы нашарлап келе жатыр. Науқастар саны 8,4 пайызға өсті, әлем бойынша бұл індеттен 53 мың адам көз жұмған.

«Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 453 жағдай тіркелген. Оның ең көбі Нұр Сұлтан (199) және Алматы (93) қалаларында. 29 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Қазір 11 науқастың жағдайы қиын. Олар интенсивті реанимация бөлімдерінде ем қабылдап жатыр. 68 пациент - орташа деңгейде, 341 пациенттің жағдайы жеңіл немесе симптомсыз науқастар», - деді Е. Біртанов.

Осы науқастармен байланыста болған 13 467 адам анықталған. Олардың арасында 442 азамат шетелге шығып кеткен.

«Қалған 13025 азаматтың 96,7 пайызы табылып, стационарға және үйге оқшауланды. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр», - деді министр.


03 сәуір 2020 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031