» » Індеттен сақтық сақтайды

Індеттен сақтық сақтайды

Әлемнің алпауыт елдері бұл уақытта коронавирустық пандемияның екінші толқынын өткеруде. Күн сайын індетті жұқтырған адам саны артып, аурумен күресу күшеюде. Мұндай екінші толқын біздің елде де орын алуы әбден мүмкін. Ал оны оңай, не қиын өткеру тікелей өзімізге байланысты.

Жалпы індеттен сақтанудың басты талабы – бетперде тағу. Жалпы маска тағудың тиімділігі, әсіресе індеттен қорғанудағы көмегі ғылыми да, адами түрден де дәлелденді. Вирус көзге көрінбейтіндіктен оны ойламаған жерден, кез келген ортадан жұқтырып алуымыз мүмкін. Сол үшін де бетпердемен қорғанып жүрген абзал. Одан басқа тазалықты да естен шығаруға болмайды. Қолды таза ұстау, сәт сайын жуып немесе антисептикпен залалсыздандыру күнделікті өмірдегі әдетке айналуы тиіс.


Еліміздің біраз өңірлерінде коронавирусты инфекциясын жұқтырған адам саны артып, карантин талаптары күшейтілді. Дегенмен, қатаң тәртіпке мойынсұнбай, бетперде киюді былай қойғанда, той өткізу оқиғалары тіркелуде. Коронавирусты инфекциядан өзіңізді және өзгелерді сақтау үшін адам көп шоғырланған жерлерге, отбасылық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени-көпшілік, оның ішінде жиын-тойға барудан (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу, т.б) және ұйымдастырудан мүлде бас тартқан дұрыс. Карантин талаптары жеңілдетілгенімен себепсіз далаға да шықпаған дұрыс.

Күллі әлемде таралған пандемияның екінші толқынын жеңіл түрде өткеру үшін карантин талаптары мен сақтық шараларын қатаң сақтайық. Covid-19 вирусының әсерінен қарапайым өмір салты түбегейлі өзгерді. Енді баяғы күндерге қайта оралудың бір ғана амалы – талапқа бағынып, вирусты жеңу. Сондықтан өзіміз бен өзгеге жанашыр болып, жүктелген жауапкершілікті түсінгеніміз абзал.

Гүлнәр Төлепбергенова,
ауданның бас санитар дәрігері
20 қазан 2020 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930