» » Масканы кім үшін тағамыз?

Масканы кім үшін тағамыз?

"Коронавирус таралды", "Маска тағып, қорғану керек" дегенде барлығы дүрлікті. Жаңа індетті жұқтырмаудың амалын іздеді. Ұзын-сонар кезекте тұрып, бетперде мен антисептик сатып алды. Тіпті сол қорғаныш құралдарының тапшы болған кезінде қолдан бетперде тігіп, медициналық спирт те қолданылды. Ал енді ше?
Қазіргі кезде дәріханалардың іші бетпердеге толып тұр. Оны дәріханадан басқа сауда орындарынан да сатып алуға болады. Десе де көшеде сол масканы тағып жүрген адам саны аз. Денсаулық сақтау мамандары оның індеттен қорғанудағы пайдасы туралы айтудан кенде емес. Үкімет те санитарлық талаптарды сақтамағандарға айыппұл салу керек деп шешті. Алайда мұның бәрі дәріхананың саудасын жүргізу немесе мемлекеттің ақшасын айыппұлмен толтыру үшін жасалған шаралар емес. Қай елдің болмасын, халқының амандығы маңызды. Ал біз бүгінде масканы тек біреу үшін тағып жүрген сияқтымыз.
Расымен, бір жерге шығар кезде бетпердені аларда ең алдымен не деп ойлаймыз? "Қазір вирустың шарықтап тұрған кезі. Жұқтырып алмайын, бетпердемді тағып алайын" дейтіндер саны аз екені ащы болса да шындық. Біздің ең алғашқы ойлайтынымыз "Масканы ала салайын. Қазір дүкенге кіргізбей қояр" деген ой. Біле білгенге, медициналық маска вирустан қорғауға расымен қауқарлы.
Ауыз бен мұрынды арнайы фильтр арқылы қорғап тұратын маска вирус пен бактериясы бар аэрозольді жұтудан қорғайды. Сондай-ақ арнайы қорғаныш құралы вирусты сыртқа шығармау арқылы өзгеге жұқтырудан сақтайды. Жалпы, вирус өздігінен ауада сақталмайды. Олар өлшемі 1-200 микрометр болатын ауа тамшыларында болады. Ауа тамшысының көбісі үлкен болатындықтан қолдан жасалған бетперденің өзінде вирусты адам ағзасына өткізбеу мүмкіндігі бар. Қарапайым үш қабатты бетперденің өзі өлшемі 3 микрометрден жоғары ауа тамшыларын өткізбейді, яғни вирусты жұқтырудан 95 процентке қорғайды. Ғалымдар "респираторлы бетперде тиімсіз" деген тұжырымды жоққа шығарғалы қашан. Мәселен, эпидемия кезінде науқастармен тікелей байланыста болған дәрігерлердің 77 проценті бетперде тағу арқылы індетті жұқтырудан сақтанған. Коронавирус инфекциясы кезінде де бетперденің тиімділігі дәлелденген. Зерттеулер нәтижесінде коронавирус бар ауа тамшыларының өлшемі 5 микрометрден жоғары екені анықталған. Яғни, 3 микрометрден жоғары ауа тамшыларын өткізбейтін қарапайым бетперденің күші "Covid-19" жұқтырудан сақтай алады.
Жақында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны туралы болжамдар маска киетін, арақашықтықты сақтайтын адамдардың жалпы процентіне байланысты болатынын атап өтті. "Ең дәл болжам екі апта мерзімге жасалады. Біздің күн сайын алатын көрсеткіштеріміз құбылмалы. Бұл болжамдар маска киетін адамдардың процентіне байланысты болады" деді бас дәрігер. Сондай-ақ министр екінші толқынның болуы немесе болмауы тікелей өзімізге қатысты екенін де атап өтті. Егер сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсек, вирустың өздігінен таралмайтыны сөзсіз. Бетпердемен қорғанып, арақашықтық сақталса, вирус жұқпайтыны анық.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
22 қыркүйек 2020 ж. 1 023 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031