» » 12 жастан асқан балалар маска тағуы қажет

12 жастан асқан балалар маска тағуы қажет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек екендігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік ұйым жеткіншектерде де вирусты жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары екендігін ескертеді. Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазіргі кезде әлемде коронавирус жұқтырғандар 23 млн адамнан асқан. Олардың көпшілігі АҚШ, Бразилия, Үндістанда тіркелген. Алайда Оңтүстік Корея, Еуропа елдері және Ливан сияқты басқа елдерде де қауіпті вирусты жұқтырған адамдар саны көбейген.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған. Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.


23 тамыз 2020 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930