Әлемдегі коронавирус: 28 мамырдағы жағдай
28 мамырда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 5,6 миллион адамнан асты. Мұны Джон Хопкинс университетінің жобасынан алынған деректер дәлелдейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Университеттің мәліметтері бойынша, әлемде 5690951 адам коронавируспен ауырып, 355615 науқас инфекцияның құрбанына айналды, тағы 2350071 адам сауықтырылды. Инфекция жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы ондыққа мына елдер кіреді:
АҚШ - 1699126 жұқтырды, 100411 көз жұмды,
Бразилия - 411821 жұқтырды, 25598 көз жұмды,
Ресей - 370680 инфекция жұқтырды, 3968 көз жұмды,
Ұлыбритания - 268619 жұқтырды, 37542 көз жұмды,
Испания - 236259 жұқтырды, 27117 көз жұмды,
Италия - 231139 жұқтырды, 33072 көз жұмды,
Франция - 183038 жұқтырды, 28599 көз жұмды,
Германия - 181524 жұқтырды, 8428 көз жұмды,
Түркия - 159797 жұқтырды, 4431 көз жұмды,
Үндістан - 158086 жұқтырды, 4534 көз жұмды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтыру оқиғаларының саны 5491678-ге жетті, 349190 адам көз жұмды. Бір күнде әлемде 99024 жаңа инфекция жағдайы тіркелді. Инфекциялардың көпшілігі Америкада тіркелген - 2495924.
Қазақстанда 9576 науқас анықталды.