» » Бас санитарлық дәрігер: Көшеде маска тағу міндетті

Бас санитарлық дәрігер: Көшеде маска тағу міндетті

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көшеде бетперде тағып жүру міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде карантин жағдайында үйде де, сыртта да бетперде кию міндетті болып табылады. Осыны ескере отырып, талаптар қойылады және осы талаптарды орындамаған Қазақстан азаматтары жауапқа тартылады. Бұл масканың инфекцияның таралуынан шынымен қорғайтындығы дәлелденді, өйткені коронавирус әуе тамшыларымен өтеді, оның жоғары жұқпалы екендігіне ешкім күмән келтіре алмайды", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер көшеде бетперде киюге қатысты мұндай талап 26 маусымдағы 43-қаулыда көрініс тапқанын атап өтті.

"Адамның қолы - инфекцияны тасымалдаушы басты құрал. Инфекцияның шырышты қабық арқылы берілуі байқалуда. Біздің бетімізге қолымызды кем дегенде 5-6 рет тигіземіз. Бұл аурудың берілу жолдарының бір", - деп ескертті ол.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, барлығы 4500 заң бұзушылық анықталған.

"Құқық бұзушылықтардың төрттен бір бөлігі маска режимін бұзумен байланысты болды. Біз мобильді топтармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз", - деді Калайчиди.
23 шілде 2020 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 770

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 86

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930