» » "Қазір өлім мен өмір ғана бар": Бас санитарлық дәрігер әріптесінің өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

"Қазір өлім мен өмір ғана бар": Бас санитарлық дәрігер әріптесінің өлімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова өзінің әріптесі, Алматы облысының бас дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қазасынан кейін қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айжан

"Күн сайын таңертең COVID-19-дан қайтыс болған отандастар туралы мәлімет алған кезде жүрегім қан жылайды. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы қайтыс болды. Біз Қайрат Қажыманұлымен таныспыз және 15 жылдан астам уақыт қатар жұмыс істеп келеміз. Өзінің отыз жылдық еңбек жолында ол теміржол станциясындағы дәрігерден бүкіл аймақтың СЭС қызметінің бастығына дейін көтерілді, бірқатар қиын аймақтарда: Ақмола, Қарағанды, Алматы, Алматы облыстарында санитарлық-эпидемиологиялық қызметті басқарды", - деп жазды Айжан Есмағамбетова желідегі парақшасында. 
Ол пандемия кезінде, инфекцияның қауіптілігіне қарамастан, аурумен күресуге белсенді қатысқанын, ауруханаларға барып, науқастармен байланысқа түскенін атап өтті.
"Барлық сақтық шараларына қарамастан, вирус оны да аямады. Қайрат Қажыманұлы айналасындағылардың мүддесі үшін еңбек етіп, нағыз патриот болып өмір сүрді. Ол аурухана төсегінде жатқанда да, қалпына келгеніне сенді және басқаруды жалғастырды. Оның әйеліне, балаларына және жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қайрат Қажыманұлы біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Жатқан жеріңіз жайлы болсын", - дейді санитарлық дәрігер.
Сонымен қатар, Есмағамбетова халыққа үндеу жасады.
"Қымбатты отандастарым. Өтінемін, карантинді сақтаңыз, өзіңізді және денсаулығыңызды күтіңіз. Қазір той, мереке өткізбеу ұят деген түсінік болмауы керек. Өйткені қазір тек өмір мен өлім ғана қалды. Адам көз жұмғанда ештеңе жасай алмаймыз", - дейді 
10 шілде 2020 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 548

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 617

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031