» » Індетпен күресу – міндет

Індетпен күресу – міндет

Бұл вирус барлығымызды әуре-сарсаңға салғаны рас. Күн сайын жағымсыз жаңалық қорқыныш сыйлап, әбігерге салуда. Қай кезде, кімнен жұқтырып аламыз деген үреймен өмір сүріп келеміз. Дегенмен, бұл індеттен қорықпайтындар әлі де бар.
Адамдардың кейбірі коронавирусты үкіметтің ойлап тапқаны деп санайды. Олар осы алып-қашпа әңгімені өзгеге таратып та жүр. Онымен қоса көшеде бейқам жүре береді. Шыны керек, бетпердесіз жүрген жанды кезіктірсек жақындамауға тырысатын болдық. Өйтпесең болмайын деп тұр. Көзге көрінбейтін бұл вирусты кез келген сәтте жұқтырып алу қаупі бар. Сол себептен бәріміз сақтанып әлекпіз. Десе де індетті жұқтырған адам саны азаяр емес. Бұл жауапсыздықтың "жемісі".
Кеселдің таралуын өзгеден көрмей, өзіміз қауіпсіздікті қатаң сақтауға тиіспіз. Сонда ғана бұл індетті алыстатып, жақсы күндерді жақындатамыз. Бәріміздің амандығымыз өзіміздің қолымызда. Жақынымызға жанашыр болайық!

Ермек НАРЕНОВ,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
30 маусым 2020 ж. 1 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 282
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 438

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30