» » Той тойлауға асықпаңыз

Той тойлауға асықпаңыз

Коронавирус. Күллі әлем дүрлігіп, "Сақтаныңыздар!" деп жар салды. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин талаптары күшейтілді. Осы кезде "Коронавирус, кет, кет, кет" деп жырлап жүрген тойшыл қауым ұлан асыр той жасап жатты. Тәртіпті бұзғандары үшін жазаланып, қамауға алынғаны да бар. Ал қазір төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Дегенмен, бұл вирустан құтылдық деген сөз емес. Осыған қарамастан дүбірлетіп той жасаушы көбейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазір "Тойың тойға ұлассын" деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Еңбек ету – өмір салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – оқыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі" деді. Шынында да қазір тырнақтап жинаған ақшаны шашатын уақыт емес. Экономикалық даму, өсіп өркендеу алдыңғы қатарға қойылуы тиіс.
Індеттің кесірінен қазір әлемнің барлық елі дағдарысты бастан кешіруде. Олардың экономикалық ахуалы күрделеніп, қиын кездерді өткізуде. Онымен қоса қоғамда вирус өршіп тұрғанда қуанышты атап өтетін уақыт емес. Көшеде топтасып жүруге тыйым салынған. Туған-туысын жинап, қонақ етуге мүлде болмайды. Бұл шектеудің қойылғанына қарамастан ауылда жиын жасап, дүрсілдеген музыканың дауысын еміс-еміс естіп қаламыз.
Қоғамда вирусты саясаттың ойлап тапқан дүниесі деп жүрген көп. Әлем бойынша індетке шалдыққанның саны 9,5 млн адамға жетті. Олардың ішінде аурудың ауыр белгілері бар жандар мен індетпен күресе алмағандар бар. Міне, осыған қарамастан вирусқа сенбейтіндер жалған сөзді жалау етіп, қоғамды арандатуда. Соңғы уақытта ауырғандар саны күрт көбейіп, вирустың барына сенушілер көбейіп келеді. Десе де бізге керегі жұрттың вирустың бар екенін білгені емес, кеселді барлығы бірігіп жеңгені. Топ болып жиналған кезде вирусты жұқтырған, бірақ симптомы жоқ адам бірнеше туысының өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Олардың өз кезегінде жайсыз сезініп, ауыр халге түспесіне кім кепіл?
P.S.
Ерте кезден-ақ тойшыл қауым болып саналатын қазаққа отыз күн ойын, қырық күн тойын жасамау қиын болып тұр. Алайда, қонағыңды шақырып алып, "қай-кезде тәртіп сақшылары келіп қалады" деген қорқынышпен өткен жасқаншақ тойдың қызығы неде? Одан гөрі күндіз-түні жаман індетпен жарыса күресіп жатқандардың еңбегін елеусіз қалдырмау, аурудың таралуын болдырмау қажет-ақ. Талай қиындықты бастан кешірген қазақ оны тек бірліктің арқасында жеңген. Қазір де сол бірлік біраз адамның тағдырын шешпекші. Қиындықтан арылған соң да алаңсыз той тойлайтын күнге жетеріміз хақ. Жақынымызға жанашыр болайық!

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

27 маусым 2020 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031