» » Қазақстанда теміржол қозғалысы әлі ашылмайды – вице-премьер

Қазақстанда теміржол қозғалысы әлі ашылмайды – вице-премьер

Қазақстанда теміржол көлігінің қозғалысы әлі ашылмайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бұл кезеңде теміржол көлігіндегі қозғалыс мүлдем қарастырылмайды. Төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан блокпосттар әлі де сақталады. Бірақ, қала маңында тұратын, қалада жұмыс істейтін қызметкерлер әкімдіктер бекіткен тізім бойынша еркін кіріп-шыға алады», - деп түсіндірді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.



11 мамыр 2020 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 250
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 795

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930