» » Ертең Төтенше жағдай режимі аяқталады, бірақ карантин әлі сақталады

Ертең Төтенше жағдай режимі аяқталады, бірақ карантин әлі сақталады


Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің елімізде де белең алып, ушыға түсуіне жол бермеу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен республикада төтенше жағдай енгізілгеніне де екі айға жуық уақыт болды. Бұл азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшін уақытша қабылданған мәжбүрлі шара еді. Ертең, 11 мамырда елімізде төтенше жағдай режимі алынады, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Біз дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында коронавирус індетінің жаппай таралуына тосқауыл қойдық. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық сарапшылар жоғары бағалады. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарай, Үкімет азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Табысынан айырылған адамдар қаржылай көмек алып жатыр. Мұның бәрі халықтың тұрмыс жағдайын төмендетпеу үшін жасалуда. Қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастағанын көріп отырмыз. Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады», – деген еді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамыр күні Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде .
   
Бірақ бұл карантин шараларын да толық алып тастайынын білдірмейді. Қауіпсіздік шаралары алдағы уақытта да қатаң сақталуы шарт. Бұл ең алдымен еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса қажет. Өйткені, коронавирус індетінің таралуы бәсеңдегенімен күн сайын еліміздің әр жерінен вирус жұқтырып алғандардың тіркеліп жатқаны бар. Айталық, бүгіннің өзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 81 адам Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, және Қарағанды облыстарында анықталып, елімізде індетке шалдыққандардың саны 5000 адамнан асып отыр. Өкінішке қарай, 31 адам көз жұмды. Ал Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны 1800-ден асып жығылады.
 
 Жоғарыда айтқанымыздай, ертең, 11 мамыр күні елімізде төтенше жағдай режимі алынып тасталады. Соған байланысты карантин шаралары да босаңдатылуы мүмкін. Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдайтындығы белгілі.
10 мамыр 2020 ж. 1 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031