» » Covid-19: шындық пен жалған

Covid-19: шындық пен жалған

Бірде Фейсбук әлеуметтік желісін шолып отырып бір жазбаға көзім түсті. Жасыратыны жоқ, бұл желі «арыз қорапшасына» айналғандай. Біреуге бірдеңе ұнамаса тиісті органның парақшасын белгілеп, арыздана салады. Мен көрген жазбада «неге адамдар бетперде кию керек?» деген сұрақ қойылған. Астындағы пікірде біреу масканың тиімділігін жазса, енді біреу оның көмектеспейтінін жазып әлек. Мұндай түрлі жазбалар қазір көптеп тарауда. Соның кесірінен көпшіліктің ойы екіге бөлінген.


Расымен жаман ауру келгелі көпшілік бетін бетпердемен жауып алған. Сондағы мақсат вирусты жұқтырып алмау. Бірақ кей-кезде «Әлгі маскаң вирустан қорғамайды» деген сөздерді естіп жатамыз. Сол алып-қашпа әңгімеден соң бетпердемен қорғануды қойғандар бар. Ал халықаралық ғалымдар медициналық масканың «тәж індетінің» таралуын тежейтінін дәлелдеді. Ғалымдар тәжірибе барысында арнайы құрылғы көмегімен адамның тыныс алуы кезіндегі ауаға сынама жасаған. Нәтижесінде арнайы бетперде түрлі вирустарға қарсы тосқауыл болатыны анықталды. Яғни, маска ауада тараған вирустың адам ағзасына түспеуіне қызмет ете алады.
Резеңке қолғаптар қазір сауда айналымында сұранысқа енген. Алайда, оны қолданғаннан гөрі қолыңызды жиі жуып тұру тиімді екенін білесіз бе? Адам өз бетін шамамен әр 2-5 минут сайын ұстайды. Ал коронавирус адамға өз бетін ұстау арқылы көп жұғады. Covid-19 біздің көзімізге көрінбесе де, қолғапқа жабысып тұрады. Өз кезегінде қолғаппен қорғанып жүрмін дегендер алаңсыз қолын бетіне тигізуі мүмкін. Сондықтан қолымызды жақсылап сабындап жуып немесе антисептікті қолданған тиімдірек тәрізді.
Кейде темекі шегетін адамдарға коронавирус жұқпайды деген жалған деректерді де естіп жатамыз. Дегенмен темекі әсерінен әлсіреген өкпенің респираторлы инфекцияға қарсы тұру күші төмен екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше «тәж індетінен» қайтыс болған ер адамдардың саны көбірек. Ақпан айындағы зерттеу бойынша бұл індеттен Қытайда 2,5 процент ер адам қайтыс болса, әйелдердің көрсеткіші 1,7 процент. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек Қытайда ерлердің 52 процент темекі шексе, әйелдердің арасында бұл көрсеткіш 3 проценттен кем.
Қазір профилактика деген ұғыммен ащы суды пайдаланып жүргендер де бар. Рас, спирттың вирустар мен бактерияларды өлтірудегі күші зор. Дегенмен ол сұйықтықта спирттің концентрациясы 60 проценттен жоғары болуы тиіс. Ал арақта бұл көрсеткіш 40 проценттен аспайды. Сол себептен бұл қауесетке сенбей, пайдасынан гөрі зияны көп суды пайдаланбаған жөн.
Ауа-райы жылып, күн ыстықтаса вирус ауада өліп кетеді дегенге сенетін көп. Бірақ ДДСҰ пайымдауынша коронавирус ауа-райын талғамайды. Қазіргі ақпарат бойынша Covid-19 барлық аймақтарға таралып жатыр. Ыстық суға шомылу да вирусты өлтіруге көмектесе алмайды.
Бетпердені қолданған соң да оны жуып қайта кию тиімді емес. Оның үстіне қолданылған бетпердені дұрыс шеше білу керек: арнайы резеңкеден ұстап, қоқысқа тастау қажет. Яғни, бетперденің алдыңғы бетін ұстау арқылы жабысқан вирусты қолға жұқтыру қаупі жоғары.
Соңғы уақытта лимон мен зімбірдің бағасы қымбаттап кетті. Ал бұл адамдардың оны көп көлемде сатып алудың нәтижесі. Олар зімбір мен лимон коронавирусты жеңуге көмектеседі деп, көп көлемде сатып алуда. Бірақ ДДСҰ тауарды дефицит заттардың қатарына кіргізудің қажеті жоқ екенін айтты. Бұл заттар адамның иммунитетін жоғарылатуға қызмет еткенімен, коронавирусты жеңуге ешқандай көмек көрсете алмайды.

P.S.
Тізбектей берсең осы... Мұндай тиіп-қашпа әңгімелерге сенудің қажеті шамалы. Қазір ең бастысы өзімізді оқшаулап, тазалық жүйесін қатаң сақтау. Жалған ақпараттың жетегіне ермей, жаман індетпен күреске тиімді жолмен үлес қосу. Бекітілген шараларды сақтасақ «тәж індетін» тағынан түсіріп, бейқам күндерімізге көп ұзамай жетеріміз айқын.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

18 сәуір 2020 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031